«Нашақор»: әйел өзі туралы Damumed қосымшасында жалған ақпарат жазылғанын мәлдімдеді (ВИДЕО)
Әйел ендігі кезекте заңгердің көмегіне жүгінбекші
Damumed қосымшасына тіркелген әйел өзі туралы мағлұматты оқып, жағасын ұстады. Медицина қызметкерлері оны нашақор ретінде тіркеп қойған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, ол бұл қосымшаны бұрын қолданып көрмеген. Алайда, осы жолы бір қағаз алу үшін Damumed-ті телефонына жазған.
«Damumed қосымшасын бәріңіз білесіздер. Ешуақытта қолданып көрмегенмін, бірақ еститінмін. Осы жолы перзентханадан шығу туралы қағаз алу үшін жазып алып кірдім. Сөйтсем, ол жерде мен туралы сұмдықтар жазылған. 2019 жылы емханаға тіркелген деп тұр. Бірақ ол уақытта мен емханаға бармағанмын. Өзім туралы бір жайтты оқып шошып кеттім. Ол жерде мені нашақор ретінде көрсетіп қойған. Қазір мен заңгерге барамын», - дейді келіншек.