Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазгидромет: Бүгін найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Қазгидромет: Бүгін найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Сурет: rbc.ua
Кейбір өңірлерде дауыл соғуы мүмкін

Синоптиктер 12 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бүгін найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады,– деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазгидрометтің болжауынша, Қазақстанның басым бөлігі әлі де атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Кейбір өңірлерде дауыл соғуы мүмкін.

Республиканың шығысында қатты жаңбыр жауады. Ал елдің солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз. Ел бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Күндіз Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында қатты ыстық сақталады.

Батыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай облыстарының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Сондай-ақ Атырау, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Алматы облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар