Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Әнші болған ба?»: Алты бала асырап, оларды қорлаған емшінің адамдарды әнмен емдеп жатқан видеосы тарады (ВИДЕО)

«Әнші болған ба?»: Алты бала асырап, оларды қорлаған емшінің адамдарды әнмен емдеп жатқан видеосы тарады (ВИДЕО)
Сурет: Видеодан скриншот
Емші "Балам әнім" әнін шырқап, тіпті оған бейнебаян да түсірген.

Асырап алған алты баласын аясуыз қорлады деп айыпталған  шымкенттік емші Ұлықбек Смановтың ем көрсетіп жатқан виедосы желіде тарап жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы автор өз әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Бейнежазбадан Смановтың адамдарды қазақ әндерін қосып қойып емдегенін байқауға болады. Музыканың әуеніне сай ер адамдардан бастап әйелдерге дейін ырғала билеген. Тіпті әйелдер тобы әнші Ақбота Керімбекованың хит әні «Аппақ гүлдерді» орындап, теңселгені көрінеді.

Тағы басқа видеода емші «Балам әнім» әнін шырқап, оған бейнебаян түсірген.

Бұған қатысты желі қолданушылары неше түрлы пікір қалдыруда.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар