«Құйрығына шиқан шығып, отыра алмай қалсын»: белгілі журналист уақытты ауыстырған шенеуніктерге шүйлікті
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 маусым, 2024
- 1.8k
Отандық журналист, әрі тележүргізуші Бибігүл Дәулетбекқызы сағат тілін ауыстырған шенеуніктерге ашуланып, бұрынғы уақытты қайтаруды талап етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Айтуынша, уақыт ауысқалы бері күн мен түнді ауыстырып алған.
«Осы уақытты ауыстыруды кім ойлап тапты? Тыныш отырған бүркітті нелерің бар түртіп? Мына жаз — жаз болмай кетті. Есеңгіреп жүрген мен ғана ма десем, жұрт та күн мен түнді ауыстырып алдық деп шағымдануда. Алматыда таң сағат 3:35-те атады, кеш сағат 19:35-те батады. Парадокс! Қайтарыңдаршы бұрынғы уақытты, құдай үшін!
Сағаттың тілін бұрап отырғанша, утильсборды қолға алсаңдаршы! Әлгі Төреғалидың Павлодарда айтқан ұятсыз мақалын жазайын десем, халықтан ұят. Бірақ та, тіліңді шығарады ғой күйдіріп…
Қайтарыңдар бұрынғы уақытымызды!!! Пы-Сы: Осы уақытты ауыстырайықшы деген шенеуніктің құйрығына шиқан шығып, креслосында отыра алмай қалсын, ал, керек болса!», — деп жазды журналист.
Ұқсас жаңалықтар
Мектеп директоры оқушыларды ұрған: желіде видеосы тарады (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 3 қараша, 2024