Қоғам
Синоптиктер алдағы күндері кейбір өңірлерде аптап ыстық болатынын жариялады
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 маусым, 2024
- 521
13-15 маусымда шығыста және орталықта, 14 маусымда елдің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр болады.
«Қазгидромет» алдағы күндері кебір өңірлерде аптап ыстық болатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері елдің батысында ыстық болады.
Жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында бұршақ жауады деп күтіледі. 13-15 маусымда шығыста және орталықта, 14 маусымда елдің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр болады.
Күндізгі температура елдің батысында +33+40°С, солтүстігінде, елдің орталығында +20+28-ден +25+30 °С-қа дейін, оңтүстігінде +27+35-тен +30+40-қа дейін, оңтүстік-шығысында +22+30° - қа дейін көтеріледі. +25+35°С дейін, ал шығыста +22+30°С-тан +20+28°С-қа дейін шамалы төмендеу болжанады.