«Өміріне қауіп төніп тұр»: Инга Иманбай ауруханада комада жатқан сарбазға анасын кіргізбей жатқанын мәлімдеді
Инга Иманбай комада жатқан сарбаздың анасы ұлын көре алмай жатқанын жазды
Белсенді Инга Иманбай комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың анасын ауруханаға кіргізбей жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жазуынша, анасына ұлын көрсетпей отыр. Аурухана басшылығңы ұлын көргісі келген анаға полиция шақырған.
«Комада жатқан солдат Ербаян Мұхтардың анасын ауруханаға кіргізбей, баласын көрсетпей, емхана басшылығы анасына, ағасына шағымданып, полиция шақырып жатыр. Ұлы өмір мен өлімнің ортасында жатқан, әділдік іздеген анаға сонша қиянат көрсететіндей не болды? Басты макал: оған ұлын неге көрсетпей жатыр? Біз Ербаянның өміріне қауіп төніп тұрғанын мәлімдейміз!» – деп жазды Инга Иманбай.
Сонымен бірге, бұл жағдайға байланысты әділдік талап ететінін жеткізді.