Қоғам

Қазақ күресінің чемпионы Бейбіт Ыстыбаев жаңа қызметке тағайындалды

Ол «Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны директоры болып тағайындалды.

Қазақстан барысының жеңімпазы, Еуразия барысының алтын белдік иегері, даңқты балуан Бейбіт Ыстыбаев спорт мектебінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бейбіт Ыстыбаев Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының бұйрығымен «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны директоры болып тағайындалды.

Бейбіт Ыстыбаев Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақ күресінен Әлем және Азия чемпионы.