Қоғам

"Ернімнен сүйіп киімімді шешті": 16 жастағы қызға бірнеше жыл бойы өз атасы азғындық көрсетіп келеді

Құқық қорғаушыдан қыз көмек сұрап, оны өз атасы зорламақ болғанын айтты

16 жастағы қызға өз атасы зорлық көрген. Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Рақышева өз парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қыз жазған хатында өз атасы оған 14 жасынан бері тиісіп келетінін айтады.  Ата-анасы өзге қалаға жұмысқа кеткен. Ал үйде әжесі және екі інісі болған.

«13 жасымда атам маған тиіскен. Үйде әке-шешем болмады. Қарағандыға жұмыс жасауға кетіп қалып еді. Олар кеткен соң 4,5 күннен соң маған тисе бастады. Үйде әжем болатын. Оған айта алмайтын едім. Себебі мені қорқытатын күнде-түнде жатқан жеріме келіп санымды ұстап, мені шешіндіріп тисетін. Менде ол кезде телефон да болмаған. Солай 14 жасқа да толдым. Атам сол баяғы қылығын жалғастыра берді, дейді бойжеткен.

Уақыт өткен сайын атасы азғындық көрсетуін қоймаған.

«Бір күні түнде ернімнен сүйіп киімімді шешіп тастап тиісті. Қатты қорықтым ертесіне мамаға шыдай алмай айттым. Анам айтқанымда «қашаннан бері» деп сұрады. Мен мама ұрыса ма деп 1 ай болды деп айттым. Мамам папама айтып еді, ол дым демеді. Солай атама сөйлей алмай жүрді Мені өздерінің қасына жатқызып жүрді. 2,3 күннен соң мама ауруханаға барып келем деп кетті. Папа машинамен жұмысына кетті, ал ажем қыдырып кетіп қалып еді. Мен 2 ініммен қалдым. Атам маған келіп тағы тиісті тапа тал түсте сағат 1-де. Мен атамды итеріп жберіп қашып кетіп басқа бөлмеге кіріп есігін құлыптап алып мамаға жылап звандадым. Есікті ашпа деді мама келген соң бәрін айтып бердім. Атама айтты «неге қызыма тисесіз» деп, атам мойындамады «мен тиіскен жоқпын жай қызым деп еркелетіп» деп атам маған ұрысты. Сосын «сені жай құшақтағаныма бола айттың ба? мен сені немерем деп құшақтадым» деп маған ұрысты. Өзінің істеген ісін мойындамады. Апам "кәрі шал, не істегенін өзі білмейді" деп жылы жапты», - дейді оқырман қыз.

Бойжеткеннің атасына қатысты айтқан сөздерін туыстары жоққа шығарған. Сөзінше, намазға жығылған кісінің мұндай қылық көрсетуі мүмкін емес дегендей айтады екен. Ол бұл көрген қорлығынан қалай құтылудың жолын сұрайды.