Тоқаев Корея президентіне құрмет көрсетіп, шығарып салды
Корея президентінің Қазақстанға сапары аяқталды.
Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльдің Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапары аяқталған Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльге құрмет көрсетіп, елорда әуежайынан шығарып салды.