Қоғам
Құрбан айтта малды соймай, ақшасын таратуға боладыма деген сұраққа жауап айтылды
- автор kyn.kz
- 13 маусым, 2024
- 8.9k
Кей азаматтар мал союды ысырап санап, ақшасын мұқтаж кісіге беруді қалайды екен.
Құрбандық шалмай, ақшасын садақа ретінде таратуға болмайды.
"Құрбандық кезінде құрбан шалудағы мақсат – қан ағызу. Үш күн ішінде құрбандық шалуымыз міндет, оның орнына садақа етіп бере алмаймыз. Садақа ретінде құрбандық қаражаты жүрмейді", - дейді мүфтият қызметкерлері.
Зұлхижжа айының қасиетті күндері қосымша садақа беруге болады. Алайда Құрбан айт кезінде құрбандық ақшасы садақа ретінде таратылмайды. Жағдайы бар адам ғана құрбандық шалады. Ал ақшаны қарызға алып, құрбандық шалу міндет емес.