
Ведомствоның мәліметінше қайғылы оқиғаға қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп болған.
Бүгін оқу-жаттығу барысында Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жарақат алып, көз жұмды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
"Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі және лауазымды тұлғалар Қылмыстық кодекс және Тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылады", - делінген хабарламада.
Қазақстанның қарулы күштері әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
"Оларға барлық көмек көрсетіледі", - деп түйіндеді ведомство.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Нұрлан Сауранбаев көлік министрі лауазымына тағайындалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 маусым, 2025
Басты жаңалықтар
Алматы қаласында бір апта бойы күн ыстық болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 маусым, 2025