Қазақстандық шахматшылар арасындағы жарыста әлем чемпионы атанды
Биылғы чемпионатта 44 мемлекеттен 226 шахматшы сынға түсіп жатыр
Үндістанның Гандинагар қаласында өткен 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазыбек Нөгербек алтын медаль алды. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазыбек Нөгербек классикалық шахматтан 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинады. Қазір оның FIDE рейтингі 2501.
Еске сала кетсек, Нөгербек осыдан 2 жыл бұрын Грекияда өткен 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлем чемпионатында рапид пен блицте жеңімпаз атанған.
Биылғы чемпионатта 44 мемлекеттен 226 шахматшы сынға түсіп жатыр.