Мәдениет

«Сатқындықты көрдім»: Нұржан Қалжан өнердегі кейбір достарымен араласпай кетуінің себебін айтты

Мына дүниеде басыңа күн шығып тұрса, қасыңда адам көп болады екен.

Әнші Нұржан Қалжан достықтан көңілі қалғанын айтып, басынан өткен оқиғаны баяндап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өнер иесі «Assyltas TV» Youtube арнасына берген сұқбатында айтты.

«Мына дүниеде басыңа күн шығып тұрса, қасыңда адам көп болады екен. Сенің сөзің дұрыс болмаса да дұрыс дейтіндер көп болады екен. Сенің ақшаң бар, көлігің бар. Ондай адамдар дұрыс емес жерде де сенің сөзіңді сөйлеп, өзіңе қорғаушы болып кетеді. Мен он жылдай өнерден алшақтап, хит әнім шықпай қалған еді. Бұрынғы Нұржан болмай қалдым ғой. Сол кезде адамдар, қасыңда жүрген достар сенікі дұрыс болып тұрса да, қазір хит болып жүрген жас баланы жақтап кеткен жағдайлар да болды. Сондай сатқындық пен тексіздікті көрдім. Төбеде болғанда басқа дүниені көрдім. Астыға түскенде мүлдем басқаша болды. «Достың досқа жасаған дұғасы қабыл болады» дейді. Мен өмірімде бір ғана досыма дұға жасадым. Сол дұғам қабыл болды. Бұл жігіт көтере алады деп ойладым. Бірақ құдайдың алдында мен ұятты болдым. Ол жігіт көтере алмады. Мені менсінбей, адам екен демей кетті», — деді Нұржан Қалжан.