Жоғарғы сот: Кәрім Мәсімовке қатысты істер түспеді
Кәрім Мәсімовке қатысты рақымшылық мәселесін сот шешпейтіні айтылды
Мәжіліс кулуарында Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Назгүл Рахметуллина Кәрім Мәсімовтің рақымшылығына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
"Бүгінгі таңда Кәрім Мәсімовқа қатысты істер Жоғарғы сотқа түспеді. Яғни сотта Кәрім Мәсімовке қатысты іс жоқ. Ал рақымшылық мәселесін сот шешпейді", – деді Назгүл Рахметуллина.