Түркістан облысында зират басында күйеуі досымен бірге әйелін зорлады
Ішімдікке тойып алған ол әйелін өлтіремін деп қорқытқан
Түркістан облысының Сарыағаш ауданында әйелді мас күйеуі мен оның досы зират басында зорлап тастаған деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. EGOV.PRESS telegram-арнасына сілтеме жасап.
«Сарыағаш ауданында мас күйеуі досымен бірге зиратта әйелін зорлады. Ол өлтіретінін айтып қорқытқан. Сотталушылар кінәні ішінара мойындады және не істеп жатқанын түсінбегенін айтты», – делінген telegram-арнада.
Сот кінәлілерді 10 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жайлы үкім шығарды.
Қылмыскерлерге қатысты сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.