Мәдениет

“О дүниеге аттанады” деп айтқан”: Жүрсін Ерман 12 күн бойы комада жатқанын айтты

“Айтысты тірілтем деп жүріп өзім өлуге айналыппын"

Ақын, айтыс жанашыры Жүрсін Ерман ауырып, 12 күн комада жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Ол бұл жайында "Айтыс" youtube-арнасына берген сұхбатында бөлісті.

"Дәрігерлер ұлыма “әкеңіз 1-2 күннен қалмай о дүниеге аттанады, дайындала беріңдер" деп айтқан. Сосын рұқсат қағазымен үйге алып кетті. Бірақ дәрігерлердің айтқаны болмады. Қайтадан адам қатарына қосылдым ғой", - дейді ол.

Жүрсін Ерман айтыс деп жүріп, қалай денсаулығының сыр бергенін байқамай қалған. 

"Халықтың қолдауы кісіге күш, дем береді екен. 70-80-дей ақын бірінен соң бірі мені үйге іздеп келді. Сәлем айтып, көңіл сұрап кетті. Айтысты тірілтем деп арпалыстым ғой. Айтысты тірілтем деп жүріп өзім өлуге айналыппын",-дейді ақын.