Қоғам

Астанада мұғалім лифт шахтасына құлады

38 жастағы мұғалім лифт шахтасына құлап кетті.

Астанадағы мектептің бірінде мұғалім лифт шахтасына құлап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

 

Оқиға 15 маусым күні болған. Таңғы сағат 09:24-те ТЖД қызметкерлері Б.Момышұлы даңғылы, 1/1 мекенжайына шұғыл жеткен. 

 

"Riviera International School by Quantum мектебінде 38 жастағы мұғалім лифт шахтасына құлап кетті. Құтқарушылар оны лифт шахтасынан алып шығып, ауруханаға жеткізді. Жағдайы орташа ауыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.