Басты жаңалықтар

ҰБТ-да ереже бұзған 315 адамның нәтижесі жойылды

219 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды.

Негізгі ҰБТ-2024 басталғалы бері 164 мың рет тест тапсырылды, деп хабарлайды ұлттық тестілеу орталығы.

Талапкерлердің 76%-ы шекті балл жинады:

орташа балл – 68 балл;

ең жоғары балл – 138 балл;

ерекше білім беру қажеттілігі бар 510 талапкер қатысты.

Ереже бұзғаны үшін 315 адамның нәтижесі жойылған. Атап айтқанда:

смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 219 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;

тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 89 адам шығарылды;

бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 7 адамның нәтижесі жойылды;

бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

266 адам 130 балдан жоғары жинаған.