Мәдениет

Роза Әлқожа қонақ үйде оқыс жағдайға тап болды

Әнші тоқтаған қонақ үйден өрт шығып, ол өзгелерді құтқаруға кіріскен.

Әнші Роза Әлқожа Қарағандыда қонақ үйге тоқтап, ойламаған жерден өртті байқаған. Өнер иесі бірден өрт сөндіру қызыметіне хабарласып, сол қонақ үй қонақтары мен жұмысшыларына қауіпті жағдайдың орын алғанын ескерткен.

"Таңғы бесте Қарағандыға жетіп, ылғи түсетін қонақүйге келсек, түтіндеп жатыр екен. "Қыздар" деп айқайлап ем, қыздар дереу шықты. Содан өрт сөндірушілерді шақырып, адамдарды оятып әбігер басталып кетті. Көмекшім иіс шығып жатқан 5-бөлменің барып есігін ашып көрейін деп қояды.

"Жоқ, мына иіс оңай емес, демек от кәдімгідей күш алып тұр. Сен ашсаң атылуы мүмкін" дедім. Өрт сөндірушілер де көп ұзамай жетті. Көліктерді алғызып, күзетші құсап алаңдап жүрміз. Дәл сол өртенген қабаттың үстінде бүгін тойы болатын екі жас бар екен. Фотосессия жасауға келген. Таңғалып оянып, тәубесін айтып жатыр. Найзағай ойнап, жаңбыр жауғанда 5-бөлмеге де әсері тиген екен. Ал мен соның жанынан бөлме алған ем. Көз алдымызда өрт те, оның иісі де күшейіп жатты", - деп жазды әнші.