Қоғам

“Тағы бір әйел сабағыш": Заңгер күйеуі аяусыз ұрған әйелдің суреті мен видеосын жариялады (ВИДЕО)

Әйелін аяусыз ұрып-соққан ер азаматтың да түрін дүйім жұртқа таныстырды.

Белгілі заңгер күйеуінен таяқ жеп, беті көгерген әйелдің суретін жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әйелін аяусыз ұрып-соққан ер азаматтың да суретімен бөліскен. Көзі көгеріп, аяғынан қан сорғалаған көріністі көрген желі қолданушылары еркектің әрекетіне ашулануда. 

“Тағы +1 әйел сабағыш”, - деп жазған заңгер Ләззат Ракышева өз жеке парақшасында.