Спорт

Асу Алмабаев UFC-де үшінші рет жеңіске жетті

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC промоушеніндегі үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Бүгін, 16 маусымда Асу Алмабаев АҚШ-тағы UFC on ESPN 58 турнирінің басты кардында жекпе-жек өткізді. Ол америкалық файтер Хосе Джонсонмен кездесті. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Алмабаев төрешілердің шешімімен қарсыласынан басым түсті.

Осылайша қазақстандық файтер MMA-дағы жиырмасыншы, ал UFC-дегі үшінші жеңісіне қол жеткізді. Алмабаев наурызда тағы бір америкалық спортшы Си Джей Вергарамен жекпе-жекке шығып, төрешілердің шешімімен жеңген болатын. Еске салайық, Dar Pro Team командасының бұрынғы бас бапкері Азиз Разыев егер Асу Алмабаев UFC-дегі келесі жекпе-жегінде жеңіске жетсе, үздік 15 файтердің қатарына қосылуы мүмкін екенін айтқан еді.