Қоғам

Биыл қанша түлектің “Алтын белгі” алғаны белгілі болды

Осы жылы 11 сыныпты 186 мың түлек аяқтады

Биыл қанша қазақстандық оқушы "Алтын белгі" төсбелгісін алғаны белгілі болды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрілі мәлімдеді деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

 

Осы жылы 11 сыныпты 186 мың түлек аяқтады. Оның ішінде 7 420 адам "Алтын белгі" белгісімен марапатталды. Ал 13 727 түлек жалпы орта білім туралы үздік аттестатқа ие болды.

 

Айта кетсек, осыған дейін оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2024 жылы "Алтын белгі" төсбелгісіне 7 704 түлек үміткер екенін айтқан.