Қоғам

Астанада Арман Шораев әйелді көшеде аяусыз ұрып, жұртты шошытты (ВИДЕО)

Таяқталған әйел Шораевтың азаматтық некедегі әйелі болып шықты.

Астанада кеше түнде ер адам көшеде әйелге шабуыл жасады. Ер адамның КТК телеарнасының экс-директоры, қоғам қайраткері Арман Шораев екені анықталды.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің telegram-арнасында хабарлады.

Бақылау камералары оның әйелді шашынан сүйреп, жұдырықпен ұрып, жерге лақтырып жібергенін түсіріп алған.