Мәдениет

“Құдай сана берсін”: Ақбота Керімбекова өзінің “Аппақ гүлдер” әнімен адам емдеген емшіге ашуланды

Қасиетті кісілердің есімдерін қор қылды-ау…

Әнші Ақбота Керімбекова алты баланы асырап, қорлаған емші Ұлықбек Смановқа ашуланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

 

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол “Аппақ гүлдер”, “Ақ шағала” әндеріне адамдарды теңселтіп билетіп, адам емдеген емшіні сынады.

 

"Аңқау елге арамза молда болғандардың ақыры жақсы болғанын көргенім жоқ. Адамдар бірнәрсеге тәуекел етіп немесе бірнәсеге кірісу үшін ақырын неге ойламайды екен осы?... Әбден сарсаңға түсіп, қажығандарды, жанына тыныштық, дертіне дауа іздегендерді сендіру, көндіру оңай… мына үкілі кісінің алдында тұрғандар да бір ғажайыпқа сеніп келген шығар, оларды жазғыра алмаймын, қателік жасағанды табалау еш заманда да дұрыс болмаған. Ал, енді “аппақ гүлдетіп” тұрған кісіге Құдай сана берсін. Қасиетті кісілердің есімдерін қор қылды-ау… Сырдағы Серік Ыдырысов ағам айналасына “ақылыңды жойма, ақырыңды ойла”, деп отырушы еді… Ай, өмір-ай, көрсетпегенді көрсеттің-ау! Екінші трансында марқұм Нәби екеуміз орындаған “Ақ шағала” дейтін әннің музыкасына салып алып, ұрып тұрғаны-ай”, – деп жазды әнші.