Қоғам

Атырауда бұрынғы күйеуі мойнына пышақ қадаған әйелдің жағдайы ауыр

Ол жұмысындағы далада орналасқан дәретханаға шыққан кезінде әйелдің мойнына пышақ қадап, иығын жарақаттаған

Атырауда бұрынғы күйеуі бірнеше жерден пышақтап кеткен әйелдің жағдайы туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол жұмысындағы далада орналасқан дәретханаға шыққан кезінде әйелдің мойнына пышақ қадап, иығын жарақаттаған. Ер адамнан зәбір көрген әйел 9 маусымда ауруханаға түскен.

«Облыстық ауруханаға жеткзілген кезде науқастың мойны мен иығында жарақаты болды. Қазір науқас аурухананың нейрохирургия бөлімшесінде ем алып жатыр. Оның жағдайы тұрақты, бірақ, ауыр. Бір жақ қолы мен аяғында әлсіздік бар. Бірақ, дәрігерлердің пікірінше, науқасқа операция қажет емес. Ауруханада тұрақты емін жалғастырады. Дәрігерлер науқастың жағдайын жіті бақылауда ұстап отыр», – деп хабарлады Басқарманың баспасөз қызметі.