Басты жаңалықтар

Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Ақтөбе, Алматы, түнде Атырау қалаларында ауаның ластануы күтілуде

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

 

18 маусымда Ақтөбе, Алматы, түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде.

 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.