Атырауда әйелін өлтірмек болған 29 жастағы ер адам ұсталды
Күдікті әйелін көпқабатты үйдің дәлізінде өлтірмек болған
Атырауда азаматтық некеде бірге тұрған әйелін өлтірмек болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оның Ақтау қаласына барғаны анықталды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.
"Полиция қызметкерлерінің кешенді жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде 9 маусым күні Атырау қаласындағы көпқабатты үйдің дәлізінде 1991 жылғы әйелді өлтіруге оқталған күдікті Ақтау қаласына кетіп қалғаны анықталды. Күдікті ұсталды. Оның жасы – 29-да. Қазір оған қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды", - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.