Мәдениет

"Мәңгі менің жүрегімде": Тамара Асар әкесіне деген сағынышын жеткізді

Әнші әкесін есіне алды

Әнші Тамара Асар желіде әкесіне әсерлі туралы жазып, оған деген сағынышын жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өнер иесі Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

"Әкелердің мерейі артсын! Менің әкем мен үшін әлемдегі ең биік адам. Пайғамбардың елшісіндей нұрланған жүзің мәңгі менің жүрегімде. Сенің берген жылуың мәңгі менің бойымда. Қуат алар күнім менің әкем. 2019 жылдың 8 наурызында менің кішкентай шығармашылық офисіме соңғы рет келуі еді", - деп жазды әнші.