Мәдениет

«Шыдамның шегі бар»: өзінен кіші жігітке тұрмысқа шыққан блогер жазба жариялады

Ол жазбасымен бірге түсініксіз суреттер де бөліскен

Қарындасымен бірге дуэт айтып танылған әнші Ринат Шамшырақтың өзінен 6 жас үлкен әйелі желідегі жазбасымен көпшілікті алаңдатты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол тағдырға қатысты сөз жазған. Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларды айрылысып кеткен деп болжауда.

«Тағдырға көнеді екенсің. Амал жоқ. Сені неге жақсы көрген адам бағаламайды? Осы адамдар кеткен соң түсініп ұрынып болған соң қайта келеді. Бірақ ол кезде тым кеш болады, неге? Мендегі қорқыныш дәлелденді, сол үшін басында қашып келісім бермеген едім...», - деп жазған ол.

Бұдан бөлек әншінің әйелі көпшіліктен өзінен ештеңе сұрамауларын өтінді.

«Шыдамның шегі бар. Менен енді ештеңе сұрамаңыздаршы», - дейді ол.