Мәдениет

«Бриллиант пен бренд жауған той»: Айнұр Тұрсынбаева немересінің бір жасқа толу тойын дүркіретіп жасады

Әлемнің тұсауын әлемге қазақты танытқан адам кесуі керек деп ойладық

Айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева немересінің бір жасқа толу тойын жасап, тұсауын кесті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол Алматыда дос-жаранның басын қосып той жасау үшін арнайы Стамбулдан ұшып келген.

“Әлемнің тұсауын әлемге қазақты танытқан адам кесуі керек деп ойладық. Біреуі – менің туған ағам, біреуі – туған бауырым. Туған ағам – Қыдырәлі Болманов, қазақтың өнері үшін бүкіл өмірін арнаған қазақтың азаматы. Қаншама қазақ баспаналы болсын деп қазақ үшін түн ұйқысын төрт бөлген Дәулет Мұқаев арнайы Астанадан келіп тұр", – дейді ол. 

Желі қолданушылары түрлі пікір жазып, қуанышқа ортақтасып жатыр.