"СҚ-Фармация" басшысы Ерхат Есқалиев қызметінен босатылды
Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, Есқалиев 18 маусымда қызметінен босатылған
"СҚ-Фармация" басқарма төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.
"СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Серікұлы Есқалиевтің өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылды", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі редакцияға.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың бұйрығына сәйкес, Есқалиев 18 маусымда қызметінен босатылған.