Астана полициясы әйелге қол көтерді деп айыпталған Шораев жайлы тың мәлімет берді
Полицейлер істі тергеп-тексеруді бастап кетті.
Қоғам белсендісі Арман Шораевты азаматтық некедегі әйеліне қол көтергені үшін Астана полициясы сот алды тергеп-тексеруді бастап кеткен.
"Адам денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін азамат А.Ш -ты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі мен салдары зерттелу үстінде",- деген Астана полиция департаменті.
Бұған дейін журналист Михаил Козачков телеграм арнасында әйелге қол көтерген ер адамның видеосын жүктеді. Сонымен қоса ол видеодағы белсенді Арман Шораев екенін сенімді түрде жазған.
Ал Шораевтың өзі болса желідегі парақшасында "Жасанды интеллектің құрбаны" болғанын жазған. Онымен қоймай, жалған ақпарат таратқаны үшін журналист М Козачковты сотқа беретінін де жеткізген еді.