Қоғам

Қыз зорлады деп айыпталған белгілі блогер Ерқанат Думан қайта қамауға алынды

Мұның алдында оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қаржыгер, блогер Думан Ерқанатқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

 

Сот процесі жабық режимде өтті.

 

Жоғарғы сот мәлім еткендей,  осыған дейін өткен бірінші соттың үкімімен Думан қыз зорлады деп айыпталып, кінәлі танылған. Оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.

 

«Апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, ақтау үкімін шығарған. Қылмыстық іс материалдарын зерделеген алқа Думанның кінәсі дәлелденді деп таныды. Қорғаушы тараптың дәлелдері жиналған дәлелдемелермен жоққа шығарылады», - делінген сот хабарламасында.

 

Заң талаптарына байланысты басқа ақпарат ұсынылмайды.