Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін»: министр киіз үйде жартылай жалаңаш билегендерге қатысты пікір білдірді

«Қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін»: министр киіз үйде жартылай жалаңаш билегендерге қатысты пікір білдірді
Сурет: Фотоколлаж Kyn.kz
Видеоның мазмұны қазақ халқының құндылықтары мен салт-дәстүрлеріне қайшы келеді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева киіз үйде жартылай жалаңаштанып билегендерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Министр желідегі парақшасында аталмыш видеоролик қоғамда алауыздықты тудыруы мүмкін екенін жазды.

“ҚР Мәдениет және ақпарат министрі ретінде киіз үйде би билеп, бейәдеп әрекетімен қоғам назарын аудартқан бейнеролик туралы айтқым келеді. Мұндай контент қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін. Арандатушылыққа да ұрындыруы ықтимал. Әрине, өскелең ұрпақ тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Видеоның мазмұны қазақ халқының құндылықтары мен салт-дәстүрлеріне қайшы келеді,”- деп жазды министр желідегі парақшасында.

Ол ұлттық құндылықтарымыздан бас тарту қашан да қауіпті екенін жеткізді.

“Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар дәстүрлі құндылықтарымызды сақтау мен насихаттауда ерекше жауапкершілікті талап етеді. Ұлттық құндылықтардан бас тарту мәдениетімізге, салт-дәстүрімізге және әдет-ғұрыптарымызға қашан да қауіп төндіреді,”- дейді ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар