Қарағанды полициясы зейнеткер әйелдеррді ұрған видеоға қатысты түсініктеме берді
Кадрда ер адам зардап шеккендермен бірге дәлізге кіріп, оларды еденге итеріп жібереді
Қарағанды облысының полиция департаменті әлеуметтік желіде белгісіз біреудің көпқабатты үйле зейнеткерлерге шабуыл жасаған видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде егде жастағы әйелдерді дәлізде ұрып-соғып, аяусыз соққыға жыққаны туралы жан түршігерлік видео тарады. Кадрда ер адам зардап шеккендермен бірге дәлізге кіріп, оларды еденге итеріп жібереді. Содан кейін басынан тепкен. Әйелдердің әмияндары мен бағалы заттарын алып кетеді.
«Туыстарыңызға ескертіңіздер, бізде Теміртауда осындай оңбаған бар», - деп жазылған видеода.
Резонанс тудырған бейнежазба полицейлердің назарынан тыс қалмады. Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға Қазақстанда емес, Ресейде түсірілгенін хабарлады. Белгілі болғандай, егде жастағы әйелдерге шабуыл жасаған видео Санкт-Петербургте болған.
«Оқиға Теміртауда болды» деген ақпарат шындыққа жанаспайды, Қарағанды облысының полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді», - деп хабарлайды Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.