Елімізде доллар бағамы күрт өсті
Алматыда доллар бағамы құбылып тұр
Қазақстанда доллар күрт өсіп, бағамы 458,15 теңгеге жетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 457 — 462 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 19 маусымдағы ресми бағамы — 1 долларға 457,98 теңге. Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 457 — 462 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 459,9 — 462,5 теңге аралығында құбылып тұр.
18 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 458,15 теңге болған.