Мәдениет

«Шектен шықпаңыздаршы»: Алтынай Жорабаева құран оқылатын жерге де мобилограф ертіп баратын әншілерге ренжіді

Әнші мобилограф ертіп жүру ерсі көрінетінін айтты

Әнші Алтынай Жорабаева Құран оқитын жерлерге де мобилограф ертіп жүретін әріптестеріне өтінішін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол бұл туралы өзінің желідегі парақшасында жазды.

«Мобилографпен жүретін жандар! Қатты шектен шықпаңыздаршы өтініш. Құран оқитын жер болсын, тіпті той болсын. Қонаққа барып отырсаң амандасқанына дейін, сыйлық бергеніне дейін түсіріп, жаман көрінеді, рас айтамын. Инстаға салғанда халыққа білінбейді. Бірақ сіздер солай мобилографыңызбен кіріп келгеніңіз сырттан жаман көрінеді. Бәрі тек көрсету үшін екені сырттан жаман көрінеді. Жарайды, жұмысыңызды, өнеріңізді жасаңыз. Тіпті блогерлердің іс-шарасы болса да мейлі. Бірақ шектен шықпаңыздаршы. Артық айтсам, кешірім сұраймын», – деп жазды әнші.