Мәдениет

Баян Алагөзова "Жылдың жұлдызы" атағын алды

Ол KFW (Kazakhstan Fashion Week) сыйлығын алған.

Продюсер Баян Алагөзова KFW (Kazakhstan Fashion Week) сән апталығында «Жылдың жұлдызы» номинациясына ие болды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Бұл қуанышты жаңалығымен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол Instagram парақшасында ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. 

"Достар, құттықтауларыңызға болады. Мен жүлдеге ие болдым. "Жұлдыз" (Star) деп аталады. 10 номинация болды. Соның біреуін маған табыстады. Көп рақмет, KFW, достарыма рақмет. Өте қуаныштымын", – деді продюсер.

Сонымен қатар, Баян 50 жасына дейін ешқандай марапат алмағанын айтты.