"Мені өзі азғындырды": Түркістан облысында 17 жастағы жігіт қызды жеті рет зорлаған
Оны зорлаған соң пышақ қолдану арқылы қыздың астын орамалмен сүртіп, автобусқа отырғызып, үйіне жіберген.
Түркістан облысында 17 жастағы жігіт кәмелет жасқа толмаған қызды жеті рет зорлаған. Бұл туралы «Не молчи» қорына жәбірленушінің анасы мәлімдеген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сот-психиатриялық сараптама зорланған қыздың жалған айтпаған деп қорытынды шығарды. Жігіттің оны қорқытқан сәттегі әңгімелерінің стенограммасы да бар.
«Оны зорлаған соң пышақ қолдану арқылы қыздың астын орамалмен сүртіп, автобусқа отырғызып, үйіне жіберген. Қан жағылған орамалды суретке түсіріп, егер біреуге жақ ашар болса, оны колонияға жіберетінін айтып қорқытқан. Осылай қызды жеті рет зорлаған. Сот отырысында жігіт қыздың өзін азғырғанын айтып, кінәсін мойындамады»,- деп жазды қор.
Қордың жазуынша, зорлау фактісін анықтаған барлық сараптамалардан кейін іс 120-баптың 3-1 «Кәмелетке толмағанға қатысты бірнеше рет күш қолдана отырып зорлау» бойынша сараланған. Бірақ сот дәл сот тергеуі кезінде істі 122-баптың 1-бөлігіне – «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу» деген санатына жатқызылған. Сот отырысының бірінде күдіктіден жауап алу кезінде үзіліс жарияланған. Содан кейін жиналыс мүлде кейінге шегерілген.