Павлодар облысында терезеден құлаған әйел ағашқа ілініп қалған
34 жастағы әйелді ағаштан құтқарушылар түсірді
Павлодар облысында 34 жастағы әйел терезеден құлап барып ағашқа ілініп қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары әйелге көмекке келді. Оқиға Ақсу қаласында бес қабатты тұрғын үйдің жанында болған.
Құтқарушылардың көмегімен ағаштан 1990 жылы туған әйел құтқарылды. Ол үшінші қабаттағы пәтерден құлап кеткен.
«Үш секциялы баспалдақтың көмегімен құтқарылған адам түсіріліп, жедел медициналық көмек бригадасына тапсырылды», — делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы және зардап шегушінің жағдайы анықталуда.