Жетісайда көршісіне қарыз сұрауға барған әйел қылмыс жасады
Ол үй иесінің жоқтығын пайдаланып, бірден көршісін танай бастаған.
Жетісайда көршісінің үйіне қарыз ақша сұрауға барған әйел ұрлық жасаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол күндізгі уақытта көршісінің үйіне қарызға ақша сұрауға барған. Бірақ үй иесі жоғын байқап, жатын бөлмедегі шкафта тұрған алтынды ұрлап кеткен.
«Жәбірленушіге 2,5 миллион теңге жуық шығын келтірген. Ұрланған алтындарды өз қажетіне жұмсаған», - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу жүргізіліп, істің мән-жайы анықталып жатыр.