Қоғам

Синоптиктер еліміздің қай аймақтарында құрғақшылық болатынын болжады

10 күнде атмосфералық құрғақшылықтың басталуы күтілуде

Синоптиктер 19 маусымнан бастап қай аймақтарда құрғақшылық болуы мүмкін екеніне болжам жасады, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

«Қазгидрометтің» болжауынша, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Алматы және  Ұлытау облыстарында атмосфералық құрғақшылық болады. 

"Жамбыл облысының Байзақ, Талас, Сарысу, Жуалы, Жамбыл және Рысқұлов аудандарында, Түркістан облысының Түркістан, Сайрам, Шардара және Жетісай аудандарында, Қызылорда облысында Арал ауданында, Алматы облысының Балқаш, Жамбыл аудандарында, Ұлытау облысының Ұлытау ауданында алдағы 10 күнде атмосфералық құрғақшылықтың басталуы күтілуде", - делінген ведомство хабарламасында.