Ноғаев Қазақстанның Түрікменстандағы Елшісі болды.
2024 жылдың 20 маусымында Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Ноғаевты Қазақстанның Түрікменстандағы елшісі етіп тағайындады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", -деп жазылған Ақорда таратқан ресми ақпаратта.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.