Қоғам

Жаңбыр, найзағай, бұршақ: 21 маусым күні ауа райы қандай болатыны айтылды

Қазақстанның көптеген аймағында аптап ыстық, күннің екінші жартысында жауын күтілуде.

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 21 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады7

Қазақстан аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталуда, атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Күндіз елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, солтүстікте бұршақ жауады, сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді деп күтілуде. Тек шығыста, солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі.

Күндіз Атырау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының батысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Ұлытау облысының батысында, орталығында қатты ыстық сақталады, Абай, Жетісу облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбе, Алматы облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, Павлодар облысының шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Атырау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ұлытау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.