Мәдениет

«Елден көшіп кетпесін десеңіздер»: Дариға Бадықова көпшілікті алаңдатып қойды

"Келін" телесериалы арқылы танымалдылыққа ие болған Дариға Бадықова алдағы жоспарларымен бөлісті

Актриса Дариға Бадықова жаңа жоба бастағалы жатқанын мәлімдеді. Өнерде ойып орын алдым деген ол, енді атақты продюсер болуға үміті зор екенін жасырмады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Актриса дайындап жатқан жаңа жобасы көрерменнің көңілінен шығатынына сенімді. Бұл туралы Instagram парақшасында жазды.

"Басталатын жобаға үміт бар жүзімде. Құдай маған мүмкін емес дүниені мүмкін етеді. Менің сағымды сындыру қиынға соғады. Себебі ақыл-есім бар, Құдайдың қызымын. Алматыға кетемін, келмеймін дейтінмін. Үйдегілер біртүрлі қарайтын. Класстастарымды жұлдыз боламын деп күлдіретінмін. Шүкір Алматыда қалдым. Өнерде ойып орын алдым. Продюсер болып, тағы 1-орын алып көрсем бе деп отырмын. Елден көшіп кетпесін десеңіздер, әрине, менің орным болса, осы басталатын жобаны 3 миллиардтан асырайық. Одан асырмайтын болсақ ренжимін. Ол қандай жоба кім біледі? Айтуға қорқамын көз тие ме деп?! Қандай фильм екенін әзірше айтпай-ақ қояйын. Көзі өтіп кететін жандар бар екен", – дейді Дариға Бадықова.