Қоғам

Германияда өлтірілген Айгүл Сайлыбаеваның әпкесі өмірінің соңғы сағаттарында оның қандай күйде болғанын айтты

Туыстары Айгүл Сайлыбаевамен соңғы рет сөйлескенінде оның дауысы әрең шығып, ақырын сқйлеген

Айгүл Сайлыбаеваның немере әпкесі Мәншүк экс-судьяның отбасымен соңғы рет телефонмен қашан сөйлескенін және қайтыс болғанға дейін банк картасынан 10 еуро шешкенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Неміс тергеушілері Айгүл Сайлыбаеваның туыстарына марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар екенін мәлімдеген. Кездейсоқ кетіп бара жатқан адам карьердегі тоғанның жанынан қызды тауып алған. Оның денесі қара полиэтилен пакетке оралған.

«Оны суға лақтырған сияқты. Ол ағынмен шыққан болуы керек. Жолда өтіп бара жатқан адам оны көріп қалып, карьерге түскен», - деді Мәншүк.

Айгүлмен байланыс үзілген уақытта туыстары күйеуі Александр Донцовқа телефон соға бастағаен. Алайда қоңырауларға ол жауап бермеген.

«Түн ортасында біздікілер оған хабарласа алған. Ол да қайда кеткенін білмейтінін айтқан. Ал басында «Бәріне ана кінәлі» деген. Бірақ нақты не екенін түсіндірмепті. Олар Айгүлдің ақшасы, жанында құжаттары бар ма деп сұрағанында «Құжаты менде, оған ақша берген жоқпын» деп айтқан. Бұл біз білетін жалғыз нәрсе. Содан кейін жергілікті билік бізге жексенбі күні түскі астан кейін картасынан соңғы 10 еуро алғанын туралы жеткізді», - дейді Мәншүк.

Айгүл ата-анасымен соңғы рет телефон арқылы 3 маусымда сөйлескен.

«Ол телефонмен сөйлескенде біртүрлі болған. Көңіл-күйі жоқ секілді көрініпті. Туыстары не болғанын түсіне алмаған. Оның дауысы әрең шығып, ақырын сқйлеген. Туыстары ауырып қалған болу керек деп ойлапты. Содан байланыс үзіліп кеткен. Ал келесі күні мүлдем жауап бермеген.  4, 5, 6 маусым үш күн қатарынан олар тоқтаусыз қоңырау шалған. Осы уақытқа дейін Александр Айгүлдің жоғалып кеткені туралы полицияға хабар бермеген», - дейді әпкесі.