Қоғам

Журналист Айдос Садықты өлтірмек болған күдіктілер ұсталды

Күдіктілер Қазақстан азаматтары екені анықталды

Оппозиционер, журналист Айдос Садыққа қастандық жасағандар ұсталды. Бұл туралы оның әйелі мәлімдеді деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Наталья Садықованың айтуынша, күдіктілер – Қазақстан азаматтары. Олар журналистті аңдып, қылмысты жоспарлаған.

«Мейрам Қаратаев 09.05.1991 жылы туған және Алтай Жақанбаев 08.02.1988 жылы туған. Екеуі тапсырыс алып, 2 маусымда Киевке келген, жалдамалы пәтерде тұрып, Айдосты аңдыған, қылмысты жоспарлаған. Мейрам Қаратаев Қостанай облысы ішкі істер департаментінің қызметкері, оның үстіне қызметкерлер арасында нысанаға оқ атудан жүлделі орындар иеленген», - деп жазды ол.

Наталья Садықова күйеуінің жағдайы әлі де ауыр екенін айтады.