«Аспаз жалдап көрмеппін»: Қазан-ошақта жүрген Мақпал Жүнсіоваға жұрт сүйсінді
Мақпал Жүнісова алыстан келген қонағын өзі ет асып күткен
Ет асып, қазан-ошақта жүрген әнші Мақпал Жүнісоваға көпшілік сүйсінді. Ол осы уақытқа дейін үйіне аспаз жалдамаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол құрылыс жұмыстары жүріп жатқан үйінің ауласында қонағын күткен.
«Біздің үйге құдайы қонақтар келіп жатыр. Қарағандыдан үлкен әпшем келіп, қызы оқу бітіріп, сол кісілерге кіші қазаныма ет асып, нанын салып, құрмет қылайын деп жатырмын. Үйіме кіргізе алмай отырмын. Астан-кестеңі шығып жатыр. Шымкентте оқып бітіргесін, көбіне «әпше, өлә» деп айта беремін. «Қасқа» деп оралдықтармен көп араласқасын әлі айтып қаламын, айып етпеңіздер. Өмірімде аспаз жалдап, қонақ шақырып көрмеппін. Өзімнің үлкен әпкем тамақты керемет дайындайды. Сол кісіге сенемін. Бүгін қазан-ошақтың басында өзім жүрмін», – деді әнші.
Мақпал Жүнсісованың орамал салып, қазан-ошақтың қасында жүргеніне оқырмандары қайран қалды.