Қоғам

Аптап ыстық күтілуде: 21 маусымға арналған ауа райы болжамы

Ертең Қазақстанның оңтүстік өңірінде күн +39 градусқа дейін ысыйды.

Алматыда  21 маусым күні күндізгі ауа температурасы +29 градусқа дейін жылыйды. Жаңбыр жауып күн алабұлтты болады. Кешкі және түнгі уақытта ауа температурасы + 20 градус болады.

Астанада 21 маусым күні күн райы  бұлытты. Түс ауа жауын жауады. Күн +29 болады. Түнгі уақытта күн райы +16 жылы болады деп күтілуде.

Шымкентте күн райы +38 градус ыстық болады. Шымкент түні +23 градусты көрсетеді.

Павлодарда  ертең +31 градус ыстық.

Қызылордада ертең +39 градус ыстық

Таразда ертең ауа райы +37 градус ыстық болады

Қостанайда күн ашық +30 градус күтілуде.

«Қазгидромет» РМК 22-24 маусымға ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы тәуліктерде Қазақстан Республикасының басым бөлігі циклонның ықпалында болады, найзағаймен жаңбыр жауады, дауылды жел соғады, еліміздің батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында бұршақ жаууы болжанады. Қатты жаңбыр 22-23 маусымда еліміздің батысында, 22-24 маусымда солтүстік-батысында, 22 маусымда еліміздің солтүстігінде жауады деп күтілуде.

Ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +25+35°C дейін, шығысында +31+39°C дейін жоғарылайды, еліміздің солтүстік-батысында +22+30°C дейін, оңтүстігінде +30+38°С дейін, оңтүстік-шығысында +25+38°С дейін төмендейді, солтүстігі мен орталығында +23+36°С мен +28+38°С аралығында өзгереді.