Мәдениет

Димаш неке жүзігін таққан арудың кім екені анықталды

Димаш сұлумен тек жарнама үшін видео роликке түскені анықталды.

Димаштың талантына тәнті қыздар оның өмірінің әр сәтін жіті қадағалауда. Бейтаныс сұлуды көрген сәтте әншінің жанкүйерлері оның кім, қайдан, неге оған Димаш Құдайберген неке жүзігін салғанын өздері зерттеп, анықтады, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

"Наталья Петри – Алматы қаласының өткен жылғы сұлулық байқауының жеңімпазы. Абай атындағы ҚазҰПУ-да ғылыми физика мамандығы бойынша оқиды. Мектеп қабырғасынан бері физикамен қоса химия, математика пәндеріне аса қызығушылық танытқан Наталья Петри осы бағытта ұстаздық етуге бел буған.

Наталья ұлттық бимен айналысады, қазақ мәдениетін жақсы көреді және қазақ тілінде еркін сөйлейді. Оның әкесі – неміс, анасы – қазақ. Оқумен қатар модель болып жұмыс істеуі бойжеткеннің Димашпен бірге жарнамаға түсуіне сеп болған. Жарнамалар Алматы және Астана қалаларындағы билбордтарда қойыла бастады", – делінген ашық дереккөзде.